05.01.2015
«Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған құрам 4 күнде 1 рет қатынайды.
«Бұл міне 10-шы жүрдек бағдар. «Астана-Қызылорда» пойызына барлық билеттер сатылып кеткен. Пойыз лық толы. Бұл пойыз әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Біз жолаушыларға қолайлы болу үшін барлық жағдайды жасаймыз»,-деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Ермек Төлегенов.
Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 2 вагон ресторан және 3 техникалық вагон бар.