• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ардагерлерге қолдау көрсету акциясы оларды рухтандырды – Клименко 02.01.2015

ҚХА мүшесінің айтуынша, Достық үйінде Отан қорғаушылардың қатысуымен бірқатар мәдени шаралар өткізілді. Құрметті ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тарту етілді.

«Ардагерлер өздерінің әскери жылдарын еске алып, жастарға сұм сокғыс жылдары туралы сыр шертті. Жалпы, ардагерлерге қолдау көрсету жалпыұлттық акциясы оларды рухтандырды», - деп атап өтті ол.

«Днепро» украиналық мәдени орталық» қоғамдық бірлестігі өздерінің соғыс және еңбек ардагерлерін ұмытпайды. «Біз әрқашан оларға қамқорлық жасаймыз. Жаңа жыл қарсаңында олардың отбасымен кездесіп, сыйлықтар тарту етеміз», - деді Ф.Клименко.

2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Бұл жылы украиналық орталық ардагерлерге қолдау көрсетуін жалғастырып, көптеген мәдени шаралар өткізеді. 


Back to the list