30.12.2014
Ғанибек Қазантаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Яхия Тасыровқа, Маханбет Бержановқа, Дәуітбай Сақтағановқа, Оразбай Қожалақовқа зор денсаулық пен бар жақсылықты тілеп, сыйлықтар табыс етті.
Мемлекет басшысы өз құттықтау хатында «Сіздің замандастарыңыздың соғыстағы ерліктері мен бейбіт жылдардағы еңбектері, сондай-ақ ел Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа – өнеге. Қазақстандықтар мұны әрдайым қастерлейді, Сіздерге шынайы ізет-құрмет пен жан-жақты қамқорлық көрсетуден аянбайды»,- дей келе зор денсаулық пен қажымас қажыр-қайрат, ұзақ та бақытты ғұмыр тілеген.
Ардагерлер Мемлекет басшысына қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыстарын білдірді.