27.12.2014
«Тәуліктің қараңғы мезгілінде ұшу ұшуды басқару техникаларын пысықтау және ұшқыштарды ауа райының кез келген жағдайында түнгі уақытта ұшақты қондыру даярлығы үшін қажет», – дейді Әскери әуе күштерінің қолбасшысы полковник Дәурен Қосанов.
Инженерлік-техникалық құрамның, ұшуларды жерден қамтамасыз ету және байланыс мамандары өз бағыттары бойынша міндеттерді орындауға жақсы дайындалған. Авиаторлар жауынгерлік даярлық курсы бойынша армиялық, майдандық және әскери-көліктік авиация жеке құрамының даярлығын пысықтап, олардың түнгі қарапайым метеожағдайда ұшу машықтарын арттырды.
Сонымен қатар, ұшуды басқару, навигация, жауынгерлік қолдану және нұсқаушылардың даярлығына кезекті рет тексеріс жүргізді. Экипаждар ұшу маусымы барысында бірнеше күрделі міндеттерді орындап, олардың әдістемелерін пысықтады.