25.12.2014
Әскери қызметшілерге мүмкін болуы тиіс қарсылас үшін атыс шебінде көзге түспей позиция алып, шабуылдың қажетті машықтарын пысықтау тапсырылды.
42062 әскери бөлімінің командирі майор Бегімбет Тәжібаев: «жаттығуға қатысушылар взводтарды жауынгерлік үйлестіруге байланысты тәсілдерді тәжірибе жүзінде пысықтап, кәсіби шеберліктерін арттырды» дейді.
Ол, сондай-ақ, прапорщик Аман Әбдіров басқаратын гранатометшілер взводы мен капитан Олжас Жанаспаев басқаратын үшінші мотоатқыштар ротасының жеке құрамы арасында жақсы өзара іс-қимыл болғанын атап өтті.