24.12.2014
Бала күлкісі шалқыған Өскеменнің төрінде балаларға арнайы мерекелік бағдарлама ұсынылды. Облыстық Жамбыл атындағы драма театры мен мектептерден, музыка мектептерінен жиналған 200-ге тарта әртіс бүлдіршіндерді қызыққа бөледі.
Шыршаға жиналған 9-13 жас аралығындағы оқу озаттары, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Елбасының өздеріне арнаған бейнежазбадағы құттықтау сөзін қуана тамашалады.
Сондай-ақ, жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысушылардың бейімделу үдерісін жеңілдету, бір-бірімен таныстыра достастыру мақсатында психологиялық тренинигтер өткізілді. Шара соңында балалардың қуанышы тіпті еселене түсті. Жыл бойы үздік оқып, Президент шыршасына қатысу бақыты бұйырған 200 баланың барлығына планшеттер табысталды.