24.12.2014
«Бүгінде біз діни сипаттағы бұзақы мазмұндағы сайттарды анықтау үшін ғаламтор ресурстарына мониторинг жасап жатырмыз. Атап айтар болсақ, тек биылғы жылдың өзінде комитет діни мазмұндағы 8 мыңнан астам сайтқа сараптама жасады. Нәтижесінде 244 сайтқа тиісті талдау шаралары қолға алынып, соның негізінде материалдар аталмыш сайттарды Қазақстан аумағында көрсетпей қою үшін тиісті органдарға бағытталды», - дейді Г.Шойкин.
Сонымен қатар, комитет төрағасының айтуынша, комитет 100-ден астам бейнематериалдарды сараптап, оларға теріс нәтиже шығарылып, ел аумағында таратуға тыйым салынды.
Индира Қауметова