21.12.2014
« «Даму» қорының өңірлік филиалдарына мүгедектерден өз ісін ашқылары келетіндігі туралы үнемі ақпарат келіп түседі. Барлық өтініштер www.damu-komek.kz. сайтында жарияланады. Бағдарлама арнайы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау үшін жіберілді», - делінген хабарламада.
Осы сынды өтініштердің бірі Ақмола облысының «Даму» филиалына Ольга Кузнецовадан келді. Ольга екінші топтағы мүгедек кәсіпкер. Ол Көкшетауда оқыту орталығын ашуды жоспарлаған. Алайда, мақсатын жүзеге асыру үшін онда оқыту сыныбына қондырғы жетпей тұрды.62 500 теңге Еуразиялық банк есебінен парта, маркерлік тақта, сынды керек-жарақ заттар сатып алынды.