18.12.2014
ҰЭМ Статситика агенттігінің хабарлауынша, туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,48 (23,37) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 110,6 (115,8) мың адамды құрап, 2013 жылдың қаңтар-қазанға қарағанда 5,2 мың адамға немесе 4,5% азайды. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,68 (8,16) қайтыс болғандарды құрады.
2014 жылдың қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2013ж. қаңтар-қазанмен салыстырғанда 11,7 мың адамға немесе 5,4% артып, 227,6 (215,9) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,80 (15,21) адамды құрады.
2014ж. қаңтар-қазанда АХАТ органдары 135,1 (141,6) мың неке қию туралы акті жазбасын ұсынды. 2013 жылдың қаңтар-қазанмен салыстырғанда олардың саны 4,6% азайды, бұл 2014 жылғы қаңтарда 2013 жылғы қаңтарға қарағанда алдыңғы жылы тіркелген актілерді кеш беру фактілерінің саны аз болуына байланысты болды.
Некенің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,38 (9,98) некені құрады. 2014 жылдың қаңтар-қазанда ажырасулар саны 44,2 (43,0) мың болды, 2013 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,8% көбейді. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 3,07 (3,03) бұзылған некені құрады.