• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Аэроұтқыр әскерлерінің батальон командирлері жауынгерлік даярлықтың жаңа жүйесін зерделеді 12.12.2014

«Жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды ұйымдастыру, сондай-ақ, күнделікті және жауынгерлік қызметте бөлімдерді басқару әдістемесіне арналған жиынға жүзге жуық адам қатысты. Жиында командирлер 2014 жылдан бері Құрлық әскерлерінде апробациядан өтіп жатқан жауынгерлік даярлықтың жаңа модулдық жүйесі – жылдық оқыту циклының ерекшеліктерін зерделеді», - делінген хабарламада.

Әлемнің көптеген аймақтарында жағдайды тұрақсыздандыруға, мемлекеттің тұрақтылығын бұзуға ұмтылған экстремистік, террорлық және сепаратистік ұйымдар қаупінің пайда болуынан бұл модулдық жүйе өзіне мәжбүрлеп отыр.  

 Әскерлерден хабарлағандай, халықаралық тәжірибені жалпы негізге алғанда және ірі әскери құралымдардың өз қимылдарын әркез тез әрі шапшаң өзгертуге қабілетті еместігін ескере отырып, Құрлық әскерлерін кәсібилендіру, әскерлердің оқуы мен даярлығын, тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар жүйесін жетілдіру қажет. Жиын барысында офицерлер атыс және дене тәрбиесі даярлығы бойынша сынақтар тапсырып, жалпы қызметтерінің қорытындысын шығарды. Сонымен қатар, 2014 оқу жылында үздік көрінген Аэроұтқыр әскерлерінің батальон командирлері марапатталды.

 


Back to the list