• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«ҚазМұнайГаз»-дың  үздік 20 маманы мараптталды 12.12.2014

«Астанадағы бұл шараға әр аймақта орналасқан «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «ҚазГерМұнай», «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз-Аймақ», және тағы басқа еншілес компаниялардан 20-ға жуық бұрғылаушы, оператор, машинист, слесарь мамандықтарының үздіктері жиналды», - делінген хабарламада.

С. Мыңбаев жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен және байқауға  жеңіске жетулерімен құттықтап сөз сөйледі. ««ҚазМұнайГаз» үшін адамдар мен олардың  шеберлік таланты табысты бизнестің басты көрсеткіші саналады. Компания әрқашан  өз жұмысшыларын неғұрлым  маңызды ресурс ретінде қарастырады. Сондықтан да олардың  тұрмысы мен еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүргізіп келеді.  Компания қызметкерлері үшін де, компания жұмыс істейтін аймақ тұрғындары үшін де бірқатар әлеуметтік бағдарлы жобаларды енгізу үшін аз күш жұмсаған жоқ», -деді өз сөзінде Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев. 

Мұнайгаз секторына республикамыздың бірқатар аймақтарының экономикалық дамуы тікелей тәуелді. Өз кезегінде, мұнайшылардың әлеуметтік жағдайы осы дамудың тұрақтылығын айқындайды.

Шара соңында өз мамандығының үздігі атанған жұмысшыларға  арнаулы медальдар табысталды. 


Back to the list