• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша форум өтеді 11.12.2014

«Бас прокуратурада түрме реформасы бойынша екінші форум өтеді. Өткен жылы алғашқы форумды өткізген болатынбыз. Оның аясында екі жоба ұсынылды: электрондық браслеттер мен түрмедегі сотталушылардың санын азайту бойынша он іс-шара. Бұл жобалар өз нәтижесін берді. Форумда айтылған ұсыныстардың көпшілігі қылмыстық, қылмыстық-атқару кодекстерінде көрініс тапты. Жалпы алғанда, бірінші форум өз тиімділігін көрсетті, сондықтан мұндай жиынды жылда өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Б.Жақаев. 

Айта кетерлігі , биылғы жылы форумда сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланады. «Форумда аталған облыстағы ең өзекті мәселелер талқыланатын болады.Аталмыш мәселелерді шешетін әдістер іздейтін боламыз», - деді Б.Жақаев.

Сондай-ақ, брифинг барысында белгілі болғандай, түрме форумында Үкіметтің Үкім жобасында сақталатын шаралардың жоспары әзірленеді. «Бұл шаралардың нақты жоспары «Жұмыспен қамту-2017» тұжырымдамасы сынды жүзеге асады. Біз осындай жолмен сотталғандар арасында жұмыспен қамтудың жоғары көрсеткішіне ие боламыз», - деді Орталық Азиядағы халықаралық түрме реформасының өңірлік директоры Сәуле Мектепбаева.

Индира Кауметова


Back to the list