11.12.2014
Таяуда әскери оқу орнының курсанттары «Надежда» балалар үйінде болып, сыйлықтар тапсырды, ойындар ұйымдастырып, қызықты әңгімелер айтты.
«Осындай кездесулер, әрине, үлкендердің де, балалардың да естерінде қалады. Бұл балалардың тағдыры күрделі, оларға ерекше ықылас керек, біз олардың өздерін тастанды, жалғыз сезіндірмеуге тырысамыз», - дейді институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ерлан Нұртақанов.
Ол сонымен қатар Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары Алматыдағы Әуезов ауданының басқа да жалпы білім беру мекемелерін «қанаттарының» астына алғанын хабарлады.
Олардың қайырымдылық іс-шаралары ерекше алғыс сезімімен қабылданып, армия мен әскери қызметшілерге деген оң көзқарасты нығайтады.