10.12.2014
«Қазақстан посткеңестік елдермен қатар лицензияланған өнімдерді сатып алу бойынша көрсеткіштерін жыл сайын жақсартуда. Сонымен қатар, дамыған мемлекеттермен де көрсеткіштерімізді салыстырған жөн, бұл ретте біздің жетістігіміз болмашы ғана», - деді А.Естаев.
Сонымен жаңа жылдан бастап тәртіп бұзушыларға қойылатын талап қатал болады. «2015 жылы ҚР Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізіледі. Мәселен, бұған дейін авторлық құқықты бұзғаны үшін басбостандығынан айыру мерзімі 5 жыл болса, жаңа жылдан бастап оны 7 жылға дейін ұзарту көзделген. Енгізілген өзгертулер құқық қорғаушыларға арнайы техниканы пайдалану арқылы тергеу жүргізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті салалық комитеттің басшысы.
Комитеттің басшысының мәліметі бойынша, Қазақстан лицензияланған өнімді сату бойынша 10 жыл бұрын 90 орында болса, бүгінде 74 орында.
«Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай азаматтық арыздар мемлекеттік органдарға көптеп түседі. Қазақстандық кеңістікте авторлық құқық иелері мемлекеттік органдарға ешқандай дәлелсіз шағым түсіре береді. Бүгінде азамттық арыздар көбейіп кеткен», - деп толықтырды А.Естаев.
Сонымен қатар ол атап өткендей, ақпараттық қауіпсіздікті лицензияланған өнімді сатып алу арқылы қамтамасыз ету керек.
Камила Амирова