09.12.2014
«Мемлекеттік органдар қабылдаған шаралар мен прокуратура органдарының арқасында проблемалы кәсіпорындарда жалақы бойынша қарыздар тұрақты түрде төмендеуде. 2010 жылдан бастап проблемалы кәсіпорындардың жалақы бойынша қарыздары 5 есе төмендеді және бүгінде 5 мың жұмысшыға берешек көлемі 800 млн теңге», - деді А.Кравченко.
Прокуратура органдары өндірістік жарақат барысында заңнаманың сақтауын тексеруде. «Біз үстіміздегі жылы жұмыс берушілер еңбек инспекциясына өндіріс ошағында орын алған оқыс оқиғаны хабарламайтын 2,5 мыңнан астам жағдайды анықтадық», - деді Бас прокурордың орынбасары.
Жалпы, оның мәліметі бойынша, жедел түрде кәсіпкерлердің құқығын бұзу бойынша 750 факті әшкереленіп, 9 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінің конститутциялық құқығы қорғалды.
Камила Амирова