• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасы 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы  Жарлыққа қол қойды 09.12.2014

 Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап,ҚАУЛЫ ETEMІH:

1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін:

1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы - «Тар кезең» тарихи романы үшін;

2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын - «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін;

3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші - «Песня - душа моя» жеке концерті үшін;

4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор - «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін;

5) авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


Back to the list