• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды (Фото) 09.12.2014

Түзету орталығы «Дара» қайырымдылық қоры, Ақмола облысының, Көкшетау қаласының әкімшілігі және білім басқармасынының  қолдауымен ашылады: «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз! Біз инклюзивтікті қоғамды қолдаймыз!»  атты жоба шеңберінде жүзеге асырылады.

Жоба  инклюзивтік қоғамды дамыту мақсатында мүмкіндігі шектеулі   азаматтарды қолдау бағытындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатына сәйкес жүргізіледі. Жобаның бас әріптесі  - «Самұрық- Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Психологиялық-педагогикалық түзету орталығында 0-7 жас аралығында мүмкіндіктері шектеулі балаларға тегін, сапалы, кешенді қызмет көрсетіледі. Түзету кабинетінде түзете-дамыту арқылы қолдау  көрсететін  мамандар  жұмыс істейді: педагог-психолог (эмоциялық және интеллектуалдық дамуындағы кемістіктерді), мұғалім-дефектолог (танымдық ортадағы проблемаларды), мұғалім-логопед (сөйлеу қабiлетi бұзылғандарды), әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы (жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған). Даму  мүмкіндігі шектелген балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау үшін «Отбасылық сағат»  ұйымдастырылады.

Түзету  орталығында барлық нормативтер бойынша кедергісіз орта ұйымдастырылған: пандус,  ойылған есіктер,  тұтқалар бар, кедергі келтіретін табалдырық жоқ. Кабинет заманауи оңалту құралдармен, Монтессори материалдарымен жабдықталған.  Сонымен  қатар, «Дара»  қоры жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған балаларды тасымалдау  үшін   инватакси   тарту етті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі С.В.Кулагин, Көкшетау қаласы әкімінің қызметін атқарушы А.Х.Смаилов, Көкшетау қаласының әкімшілігінің өкілдері, «Самұрық- Қазына» ӘАҚ» АҚ, «Дара» қайырымдылық қорының өкілдері, мемлекеттік  органдар, қоғамдық ұйымдар  өкілдері, мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары,  арнайы түзету мектеп-интернаттарының директорлары, психологиялық-медециналық-педагогикалық кеңесінің меңгерушілері қатысты.


Back to the list