• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Жас тұлпар» сыйлығының лауреаты осы жылдың қорытындылары туралы әңгімеледі 09.12.2014

«Бұл жыл менің кәсіпқойлық өмірімде маңызды оқиғалармен ғана емес, түрлі елдердің кәсіпқойларымен танысумен есте қаларлық болды Мәселен, мен Стамбұл техникалық университетінің құрама командасының құрамында алтын медальға ие болған түрік Лигасының қатысушыларынның Түрік шахмат федерациясына  шақырылдым», - деді Жансая Әбдімәлік.

Үстіміздегі жылы Жансая Әбдімәліктің сондай-ақ БАӘ (Біріккен Араб Әмірліктері)-де блиц бойынша әйелдер арасында Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алғанын, Иранда рапида бойынша Азияның командалық чемпионатына қатысқанын, сондай-ақ  «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаты болғанын атап кетеміз.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы жас шахматшы Норвегиядағы шахмат Олимпиадасының Дүниежүзілік командасына қатысып, жалпы командалық 6-шы орынға ие болды.

Нәтижесінде, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Жансая Әбдімәлік  20 жастағы қатысушылар арасында Азияның ең үздік шахматшысы деп танылды. Сыйлықақыны ФИДЕ қамқорлығындағы Азиялық шахмат Федерациясы тағайындаған және шейх, Азия шахмат Федерациясының президенті Сұлтан Бин Халифа салтанатты түрде табыс етті.

2013 жылы Жансая Әбдімәлік «Жастұлпар» сыйлығының лауреаты болғанын еске саламыз.

«Маған көрсетілген құрмет пен менің талантыма сенім білдіргені үшін «Нұр Отан» партиясына алғысымды білдіремін. «Жастұлпар» сыйлығының қаржылық көмегі арқасында мен Гибралтардағы айтулы шахмат туниріне қатыстым, ол жерде Әйелдердің арасында халықаралық  гроссмейстер атағына лайық екендігімді тағы да дәлелдей алдым», - деді  Жансая Әбдімәлік.

Студенттік «Жас тұлпар» қозғалысы 1963 жылғы 5 қарашада құрылған. Қозғалыстың белсенді қатысушылары Москваның, Ленинградтың, Киевтің, Одессаның, Риганың 800-ден астам студенттері болды. Ұйым Қазақстанда тұратын жастар үшін де идеялық дем беруші болды. Түрлі қалаларда – Қарағандыда «Жас қазақ» , Семейде «Тайшұбар» сияқты бірлестіктер құрылды. Белгілі «Дос Мұқасан» ансамблі осы кезеңде және дәл осы «Жас тұлпардың» ықпалымен пайда болды.

 


Back to the list