• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алты жасар спортшы спорттық-бал биі бойынша ШҚО чемпионы атанды 09.12.2014

«Өскемен, Семей, Риддер мен Зыряновтан келген 100-ден астам жұп аталмыш спорттық-бал биі бойынша бәсекеге түсті. Ювенал 1 санатында ең жас жеңімпаз Қабыкенов Мансұр мен Можанова Дария атанды», - делінген хабарламада.

«Балалар бар болғаны 6 жаста. Екінші жыл бимен айналысып жүр. Бұл айтарлықтай жетістік және нәтиже. Шараны ұйымдастырушыларға көп алғыс. Алдағы уақытта да осынлай игі бастамалар жалғасын тауып, еліміздегі өнерпаздарды қанаттандыра түседі деп сенемін», - дейді жеңімпаздардың бапкері Оксана Протопова.

Шара соңында барлық қатысушылар тиісті марапаттармен марапатталды.


Back to the list