08.12.2014
««Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру әр азаматтың атсалысуына және қолдау көрсетуіне байланысты. Осы ретте идеологиялық шоғырландыру міндеті туындайды, яғни қазақстандықтарды ортақ бір мүддеге жұмылдыру», - деп толықтырды Ф. Қуанғанов.
«Нұр Отан» партиясының хатшысы атап өткендей, идеологиялық құрылымдар әлеуметтік-саяси бағытты жасақтауда өздерінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
«Мемлекет дамудың жаңа деңгейіне шыққанда және өзінің алдана жаңа тарихи міндеттерді қойып отырған тұста идеология қажеттілігі одан ар артады. «Нұр Отан» партиясы өткен жылы-ақ өзінің бесжылдық саяси доктринасын қабылдаған болатын. Айта кетерлік жайт, келелі құжатта көрсетілген құндылықтар бірде бір құжатта бұған дейін көрсетілмеген», - деп атап өтті Ф. Қуанғанов.
Индира Кауметова