• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыдан Астанаға көшкен авиаторлар тәулік бойғы жауынгерлік кезекшілікті бастады 05.12.2014

Әуе қорғанысы күштері Бас командалық пунктінің жеке құрамы сапының алдында сөз сөйлеген ӘҚК бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб бастығы Марат Уашпаев «Әуе қорғанысы күштері – Қарулы Күштердің ең ұтқыр және техникалық жарақталған түрі», - деді.

 «Бас командалық пункт әскери қызметшілерінің күнделікті қызметі қызу жауынгерлік жаттығуларға, авиация ұшуларына және Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің оқу-жаттығу атыстарына толы болады», - деді М. Уашпаев.

 "Ал ең басты міндет  жауынгерлік кезекшілікті атқару, еліміздің әуе кеңістігін қорғау болып табылады», - деп атап өтті.

«Бас командалық пункттің әскери қызметшілері үшін бұл оқиға ерекше маңызға ие және үлкен мақтаныш. Біз барлық жауапкершілігімізбен жауынгерлік вахтаны атқарып, қойылған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз», - дейді ҚР ҚК ӘҚК Бас командалық пунктінің бастығы полковник Аят Құрамысов.

 

 


Back to the list