02.12.2014
Мемлекеттік мерекемен балаларды Алматы әкімі Ахметжан Есімов құттықтады.
«Халықтың жақсы өмір сүріп, елді дамыту үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қажырлы еңбек етіп жатқандығы баршамызға аян. Алматыда Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруға біраз шара ұйымдастырылуда», - деді Ахметжан Есімов.
Сурет байқауына 450 оқушы қатысты. Жеңімпаздарды жюри анықтады. Оның құрамына БАҚ, қоғамдық ұйым өкілдері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының өкілдері қатысты.
Балғындарды марапаттап болған соң, Алматы әкімі метрополитеннің салынып жатқан «Сайран» және «Москва» стансаларына барды.
«Жолдар ай соңына дейін аяқтау жоспарланған. Содан соң, арнайы тестілік жаттығулар жүргізілетін болады. Метро – ерекше транспорт түрі, ең алдымен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет», - деді әкім.
Сондай-ақ, әкім атап өткендей, «Сайран» мен «Мәскеу» жаңа стансаларын енгізу жолаушылар тасымалын екі есеге күшейтеді.
Аз уақыт ішінде аталмыш тасымал құралы тұрғындардың ықыласына ие болды. Алғашқы уақытта метро 13-14 мың адамды тәулігіне тасымалдады. Қазір желтоқсан айына қарсы 20 млн адам метро қызметіне жүгінуде.