28.11.2014
Конкурстың мақсаты этносаралық салада қызмет ететін журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту.
Әділқазылар алқасы сайыста I, II, III орын алған үздіктерді 5 номинация бойынша анықтаған болатын.
«Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Татьяна Жандильдина жеңімпаз атанды. (Нағашыбай Қабылбек - 2 орын, Қыдырбек Абдрахман – 3 орын).
«Қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік рәміздердің рөлін насихаттау бағытындағы үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Ернұр Нұрғалиев жеңімпаз атанды (Ярослав Красиенко- 2 орын, Альфия Сабитова).
«Этномәдени орталықтар қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Гүлмира Жандыбаева жеңімпаз атанды (Михаил Парипса - 2 орын, Алиса Масалева– 3 орын).
«Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Малика Галиева жеңімпаз атанды (Айгуль Биданова – 2 орын, Дария Жұмадилова – 3 орын).
«Мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Нұрбек Әмиша жеңімпаз атанды (Жанар Сайлаубекқызы – 2 орын, Құрманғали Нұрғалиев – 3 орын).