• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік өнер байқауының  жеңімпаздары марапатталуда 24.11.2014

«Мемлекеттік саясатты дамыту қоры» ҚҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне имидждік кәдесый өнімдері үлгілерін дайындау» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған халықтық және сәндік-қолданбалы өнер туындылары бойынша республикалық әлеуметтік байқауын өткізді.

Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды тарта отырып Қазақстанда қолөнер туындыларын дамытуға ат салысу мен қатысушылар арасынан ең дарынды деген өнер иелерін анықтау.

Байқау 3 аталым бойынша өтті: 1 «Дарынды бастау» (Жас барындар байқауы); 2) «Эко-дизайн» (жаңа шығармашылық нысанда материалдың өңделуі); 3) «Мұрагер» (Тірі жәдігер).

«Сараптама комиссиясының құрамына жоғары білікті және беделді өнер қайраткерлері, дизайн саласының атақты өкілдері мен «Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшілері кірді», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, іріктеу кезеңінде әр номинация бойынша үздік деген туындылар таңдалып алынды.

Ақтық сынға қатысушылар Қазақстанның әрбір өңірінен марапаттау салтанатына арнайы келіп отыр.


Back to the list