24.11.2014
Астана қаласындағы халықтың саны ағымдағы есеп бойынша 2014 жылғы 1 қазанда 844930 адамды, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 377889 (44,7%), «Есіл» ауданы бойынша - 124033 (14,7%), «Сарыарқа» ауданы бойынша - 343008 (40,6%) адамды құрады.
2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте халықтың табиғи өсімі - 15437 адамды, көші-қон өсімі - 15058 адамды құрады.
2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы Астана қаласы бойынша 18087 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға артық.
Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,5%-ға көтерілді және 15437 адамды құрады.