• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы әскери-патриоттық іс-шараларға 11 мыңнан астам жас қатысты – қорғаныс министрлігі 21.11.2014

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бүгінгі таңда республикада жастардың әскери-патриоттық және спорттық-сауықтыру қозғалыстарын дамытуда белсенді атсалысып келе жатқан көптеген ұйымдар жұмыс істейді. 

Бұл штабтың 2010 жылы құрылғаннан бастап республикалық және өңірлік деңгейлерде 40-тан астам іс-шара өткізгенін атап өткен жөн. Бұл ретте іс-шараға қатысатын жастардың саны 5 жыл ішінде бес есеге артты (2010 жылы – 2635 адам). Бұдан басқа, бүгінгі таңда 217 жергілікті әскери басқару органының базасында 202 жас армияшылар орталықтары құрылды.

Өңірлерде әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамытуды насихаттау жұмысын Әскери-спорттық клубтар федерациясы жүргізіп келеді. 2014 жылы ол 8 мыңға жуық адам қатысқан 10 іс-шара өткізді.

«Елбасы тапсырмасына сәйкес әскери-техникалық мектептер базасында 15 өңірлік патриоттық тәрбие орталықтары құрылды. Онда әскери-қолданбалы спорт түрлері мен техникалық шығармашылық бойынша 25 спорттық секция мен клуб жұмыс істейді, онда 7-18 жас аралығындағы 1500-ден астам балалар мен жасөспірімдер шұғылданады», - делінген хабарламада.

Соңғы бес жыл ішінде әскери-техникалық мектептер 7 мамандық бойынша 28 мыңнан астам әскери-техникалық маманды тегін даярлап, әскери оқытылған резерв даярлау курсы бойынша 10 мыңнан астам азаматқа ақылы негізде білім берді.


 


Back to the list