21.11.2014
Биыл он екінші рет өтіп жатқан Award.kz ұлттық интернет байқауының «Үздік екітілді сайт» атылымында Strategy2050.kz ақпараттық порталы екінші орынмен марапатталды.
Strategy2050.kz порталы «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асу барысын ақпараттық насихаттау мақсатында 2013 жылы құрылған болатын. Басты міндеттерінің бірі - «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалу барысын жариялайтын жедел жаңалық пен эксклюзивті сараптама материалдарын тарату арқылы ақпараттық қолдау көрсету және «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған бағыттарды жүргізу дерекөзіне айналу.
Еске сала кетейік, 2013 жылы веб-портал «Билік органдары және өзін өзі басқару» аталымы бойынша екінші орынға ие болған еді.