• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Еврокоптер» тікұшағының  экипажы оқу-жаттығу ұшулары барысында   біліктілігін арттыруда – қорғаныс министрлігі (Фото) 19.11.2014

«Жауынгерлік даярлық курсына сәйкес авиаторлар ең төменгі биіктіктегі күрделі ұшуларды жүзеге асырып, тікұшақты әуеден өздері таңдаған нүктеге дәл қондырды», - делінген хабарламада.

Бұл ретте, майор Марат Байғалиев пен капитан Дархан Көпбаев басқаратын «ЕС-145 Еврокоптер» экипажы үздік нәтижелер көрсетті. Оқу-жаттығу ұшулары кезінде экипаждар ұшу сағаттарын арттыру бойынша өз машықтарын жетілдіріп, әрі қарай экипаж командирі дәрежесіне көтерілу үшін алғашқы қадамдар жасады.

Ұшу экипажы мен инженерлік-техникалық құрам шетелде теориялық және практикалық даярлықтан толығымен өткендігін атап өту қажет. Бүгінгі таңда осы типтегі тікұшақтарда жүзеге асырылатын барлық ұшуларды, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсетуді авиациялық бөлімнің жеке құрамы жүргізеді.

Айта кетейік, «ЕС-145 Еврокоптер» тікұшағы «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» кәсіпорнында жиналады. Ол ТМД мен Орталық Азия аумағында осы тектес жалғыз зауыт болып табылады. Бұл кәсіпорынды ашу – қазақстандық тікұшақ саласын дамытудың жаңа сатысы.

 

 


Back to the list