• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада  әскери-патриоттық акция аясында Қазақстан әскерінің тектері мен түрлері  таныстырылды 19.11.2014

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға арналған акцияны Астана қаласынның Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымдастырып отыр. Бұл шара жалпы ұлттық құндылықтарды, әскери-патриоттық тәрбиені насихаттау мен нығайтуға арналған.

Акцияға қатысушылар екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновты еске алды.

ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери-патриоттық әндер топтамасын орындады.

Әскери-патриоттық акцияға Парламент депутаттары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жергілікті соғыстарға қатысушылар, кадеттік және жалпы білім беретін мектептерде оқитын жастар ұйымдары қатысты. 


Back to the list