• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодарда гендерлік саясат мәселелері тақыланды 17.11.2014

«Конференция әйелдерге қатысты теңсіздіктің жойылу тұжырымдамасы аясында өтті. Шараға елдің әр өңірінен келген 100-ден аса адам қатысты. Осы жылдың басында Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметі бойынша Қазақстан гендерлік қорғау бойынша 136 елдің ішінде 32 орынды иеленді», - делінген хабарламада.

Әкімдікте атап өткендей, әйелдердің саясатқа араласуы жағынан Қазақстан 65 орында тұр. Елдегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың әсерінен мемлекеттік басқару саласындағы әйелдердің саны өсуде. Қазіргі таңда мәслихатқа қатысатын әйелдер саны: Қостанайда-31 пайыз, Ақтөбеде-28 пайыз, Павлодарда – 23, Қарағандыда – 21,5 пайыз, жалпы, республикалық көрсеткіш 18,2 пайызды құрап отыр.

Сондай-ақ, республикалық конференция «Екі жұлдыз» қайырымдылық акциясымен бірге өтті. Шараны Павлодар облысының іскер әйелдер қауымдастығы екінші рет өткізіп отыр. Аталмыш шара әр түрлі аймақтан келген адамдар арасында қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. 


Back to the list