• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада ТМД елдерінің  халқын әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды 10.11.2014

«Байқаушылар ретінде шараға қатысу үшін ТМД мүше мемлекеттері Парламентаралық ассамблеясы және БҰҰ агенттіктері – Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының (МХҰ) өкілдері шақырды», - делінген хабарламада.

Отырыс барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларын жетілдіру, ТМД елдеріндегі атаулы әлеуметтік көмекті дамыту мәселелері талқыланатын болады, сондай-ақ мәліметтерді қамтитын өндірістегі жазатайым уақиғаларды тексеру жөнінде ұсынымдар және еңбек жағдайлары және оны қорғау саласындағы бірегей тәсілдерді белгілеу бойынша ұсынымдар әзірленеді.

Бұдан әрі ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында еңбекші көшіп қонушылардың электрондық картасын енгізу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жобасы қарастырылады. Ол көшіп қонушының ТМД-ға мүше мемлекеттің аумағында болу (уақытша тұру) туралы деректерді, оның медициналық сақтандырылуы, білімі, көші-қон картасы және т.б. мәліметтерді қамтитын болды.

Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау  мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңестің мүше елдердің еңбек және әлеуметтік саласындағы бірлескен басымдықтары белгіленген №27 Шешіміне қол қойды.

Айта кетейік, еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау  мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңес әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша өзара қызметті үйлестіру және проблемаларды шешу мақсатында 1992 жылғы 13 қарашада ТМД–ға мүше мемлекеттердің шешіміне сәйкес құрылды.


Back to the list