08.11.2014
Облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен "Жұлдыз" балалар қоғамдық ұйымы ұйымдастырып отырған шара «Балалар үшін әуеде қалықтау" (Flying High For Kids) халықаралық жобасы және БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, Германиялық интернационалды одақтың атқарушы директоры Урузула Шаде және "Жұлдыз" балалар қоғамдық ұйымының президенті Елена Дмитриенко қатысты. Аталған акция әлемнің 10 астам елінде өтті.
Ішкі саясат басқармасынан атап өткендей, шара барысында "Көкшетау" мәдениет сарайында «Біз-Қазақстан балаларымыз!» балалар қоғамдық ұйымы жетістіктерінің көрмесі, "Әлем балалардың көзімен" көрмесі өтті. Сондай-ақ, 32 метрлік әуе шары орнатылды. Осындай акцияны алдағы төрт жылдың ішінде әлемнің 100 астам елінде өткізу жоспарланып отыр.