07.11.2014
А.Дауылбаев өтініш білдірушілердің уәждерін толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етіп, заңдылықтың бұзылғандығы анықталған жағдайда прокурорлық ықпал ету актілерін енгізуді және құқықбұзушылықты қалпына келтіру бойынша шара қолдануды тапсырды.
«Өткен жолғы азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша Бас Прокурор қылмыс оқиғасы болмауына байланысты ұлының өліміне қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға Л.Ермакованың берген шағымын қанағаттандырды. Бас прокуратура аталған шешімнің күшін жойып, Маңғыстау облысының прокурорына өтініш білдірушінің арызында келтірілген уәждерді тексеру үшін қосымша тергеу өткізіп, оқиғаның анық-қанығын анықтауға тапсырма берілді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Н.Солодкинаға, Е.Қанғожиновқа және С. Әлібаеваға қатысты қылмыстық істерді қысқарту туралы қаулыға өтінші білдіруші А.Вербицкая берген шағым қанағаттандырылды. Бас прокуратура аталған шешімнің күшін жойып, қылмыстық істер Астана қаласының Ішкі істер департаментіне тергеуге жолданды.