30.10.2014
«Акция аясында әкімшілік полиция қызметкерлері орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тақырыптық ойындар өткізіп, «Полицей – дос және қорғаушы» тақырыбында әңгімелесулер өткізеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 31 қазан күні 1-4 сынып оқушыларына арналған ІІД мекемесін таныстыру шарасы өтеді. Олар қызметтік кабинеттер мен ІІД музейін тамашалап, ішкі істер ардагерлерімен кездесуге мүмкіндік алады.
Астаналық ІІД алаңында бүлдіршіндерге патрульдік автокөліктер мен жол-патруль полицейлерінің қызметі таныстырылады. Мектеп оқушылары кинологиялық қызметкерлердің жұмысына тәнті болады.