28.10.2014
«Қазақстанда 32 мың шетелдің жұмысшы табыс табуда. Квота экономикалық белсенді халықтың 0,7 % көлемінде бекітілген. Квоталардың басым бөлігі мына мемлекеттерге тиесілі: Қытай - 23 %, Түркия - 13,14%, Үндістан - 4 % және осы ретте Италия, Ұлыбритания мен Сербия бар»,- деп хабарлады Д. Арғандықов.
Вице-министр атап өткендей, шетелдік жұмыс күші біліктілігіне байланысты 4 санатқа бөлінеді: 1 санатта - топ-менеджерлер мен орынбасарлар, 2 санатта - құрылымдық бөлімдердің басшылары, 3 санатта - жоғары білімі бар мамандар, 4 санатта - біліті жұмысшылар. Осы ретте, оның айтуынша, жоғары білімі бар мамандар 44%, ал білікті жұмысшылар 25% құрайды.
«Егер, сала бойынша қарастыратын болсақ шетелдік жұмыс күшінің 44%-ы құрылысқа, 14%-ы тау-кен өндіру және 5% қайта өңдеу өндірісі салаларына тиесілі»,- деп толықтырды ол.
«Негізі қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында бірқатар кемшіліктер кездеседі. Бірінші кезекте ол қағаз бастылыққа байланысты», - деп түйді ҚР ДСӘДМ вице-министрі.
Камила Амирова