• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астананың халық саны 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 841505 адамға жетті 22.10.2014

Аталып өткендей, «Алматы» ауданы бойынша  «Алматы» - 377099 (44,8%) адам, «Есіл» ауданы бойынша - 122838 (14,6%) адам, «Сарыарқа» ауданы бойынша  -  341568 (40,6%) адам.

Хабарланғандай, 2014 жылдың басынан бері халық саны 27070 адамға артты, «Алматы» ауданы бойынша -  9072 адамға, «Есіл» ауданы бойынша -  9034 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша  -  8964 адамға артты.

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-тамызы аралығында халықтың табиғи өсімі - 13515 адамды, миграциалық өсім  - 13555 адамды құрады.

«Жалпы, Астанада 2014 жылдың қаңтар-тамызы аралығында  туылған 15879 сәби тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға жоғары. Осы ретте, табиғи өсім ағымдағы жылы 11,8%  немесе 13515 адамды құрады», - делінген хабарлады.

Бұдан басқа, АХАЖ бөлімінде өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда тіркелген неке саны 12,0%-ға, ажырасу фактісі  9,8%-ға артты.

 


Back to the list