• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада мемлекеттік қызметкерлер үшін Оңтүстік Кореяның сарапшылары семинар өткізуде 20.10.2014

Мен, бүгінгі семинарға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Қазақстан мен Корея мемлекеттік қызмет саласында тығыз байланыс орнатқан. Біз өзара түрлі аспектілер аясында меморандумға отырдық. Осы семинар өзара байланысымызды одан ары нығайта түседі деген сенімдемін және нәтиже де көп күттірмес»,- деп ағынан жарылды ҚР-дағы Корея республикасының елшісі Пэк Чу Хен.

Айта кетерлік жайт, семинарды Корея Республикасының мемлекеттік қызметкердерді оқыту бойынша орталық институтының (COTI) президенті Ю Ён Ченің басшылығымен әлемнің мемлекеттік қызметкерлерді оқыту бойынша жетекші орталықтың және техникалық оқу орындар ішіндегі үздік Кореялық алдыңғы қатардағы ғылым және техника институтының (KAIST) профессорлары жүргізеді

Сонымен қатар, семинар барысында Оңтүстік Кореяның сарапшылары инновациядағы, мемлекеттік қызметкерлердің көшбасшылығы салаларындағы  мемлекеттік қолдаудың рөлі туралы айтып береді. Сонымен қатар, тыңдаушылар экономикалық дамудың түрлі стратегияларын талқылайтын болады. Бұдан басқа, қатысушылар екі мемлекеттің индустриалды даму саласында жүргізіп жатқан саясаты туралы пікір алмасады.

Индира Кауметова


Back to the list