17.10.2014
«20 қазанда астаналық ХҚКО-ның 16 қызметкері жұмысқа кіріседі. Олардың «ишарат тілі аудармашылары» мамандықтары туралы мемлекеттік үлгі куәлігіне ие. Мүмкіндігі шектеулі жандардың білікті қызмет тұтынуы үшін жұмыс істейді. 11 қарашада мәдениет саласының тағы 12 қызметкері жаңа мамандық – ишарат тілі аудармашысы мамандығын игеріп, театрларда, музейлерде, қаланың көрмелерінде барлық санаттағы адамдарға кез келген ақпаратты алып бере алады», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап «Маман» оқу-өндірістік орталығының базасында ХҚКО-ның 16 қызметкері «ишарат тілі аудармашысы» мамандығы бойынша білім алып, шақырылған керең адамдармен әңгімелесу барысында қолданылатын арнайы әліпби мен ишараларды екі айдай оқыды. Сонымен қатар, тәжірибелік сабақтар да өткізілді. Болашақ мамандарға «дефектолог-сурдоаудармашы» мамандары дәріс берді.