16.10.2014
«Бүгінгі таңда Астанада 47 діни бірлестік жұмыс істеуде. Оның жетісі мұсылмандардың рухани орны – мешіт,бесеуі православтық церковь, төртеуі – католиктік церковь және 28 протестанттық ұйым», - деді Ж.Дәуренов.
Астанада көптеген діни бірлестіктер Қазақстан бойынша бас ұйым болып есептеледі.
Сондай-ақ, ол діни бірлестіктерді тіркеу мен қайта тіркеуде ешқандай проблема туындамайтындығын айтты. «Тіркеуге дейін бізде 55 діни бірлестік болған, қазір 47-сі қалды. Бұл олар кедергіге душар болды деген сөз емес. Бұл діни бірлестіктер тек қағаз жүзінде ғана тіршілік етті. Кейіннен олар реестрден алынып тасталды. Мәселен, иудаизм діни бірлестігі сондайлардың қатарына жатады», - деді қала басқармасының жетекшісі.
Сондай-ақ, ол мемлекет конституциялық-зайырлы сипатқа ие,ол діннен мүлде бөлек деген сөз. «Бұл мемлекеттің діни бірлестіктерді қаржыландыруға құқығы жоқтығын айғақтайды. Жобаларды қолдай алмайды», - деді Дәуренов.
Ол, барлық мешіттер меценаттар қаражатына салынғанын айтып өтті.
«Бүгінгі таңда этникааралық қарым-қатынас тұрақты. Бұл орайда уайымдаудың қажеті жоқ. Керісінше,адамдар рухани тәрбиеге көп көңіл бөлуде», - деді Дәуренов.
Камила Амирова