• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Павлодар облысында 14 мыңнан астам оқушы «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке ие болды 15.10.2014

«Осы жылы акция «Балаларға мейірім сыйла» ұранымен өтті. Акцияға шағын және орта бизнес өкілдері, облыс кәсіпорындары, мемлекеттік құрылым қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, оқытушылар ұжымы мен ата-аналар қатысты. Оқушылар 127 млн 405 мыңның көмегіне ие болды. Оқушыларға көмек көрсету мақсатында тартылған 59910 демеуші 50 млн 861 мың теңге жинауға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, кәсіпкерлердің қатысуымен Павлодар, Ақсу,Ақтоғай, Лебяжинск, Қашыр, Өспен және Май аудандарында мектеп  жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Ақтоғай,Баянауыл, Қашыр, Ертіс, Лебяжинск ауданында «Балаларға мейірім сыйла» қайырымдылық акциясы өтті. 


Back to the list