14.10.2014
«2014 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 350,8 мыңды құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5%-ға артты», - дейді ол.
Сонымен қатар, 2014 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 80,4 трлн долларды құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9,1 пайызға азайған. Соның ішінде экспорттың үлесі 53,9 трлн долларды, импорт 26,5 трлн долларды құрайды.
Айта кету керек, 2014 жылдың қыркүйек айындағы тұтыну бағасының индексі 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 105,9 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,6%, азық-түліктік емес тауарлар 6,7%, халыққа көрсетілетін ақылы қызмет құны 5,4%-ға қымбаттаған.
2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2014 жылдың қыркүйегіндегі өндірістік өнім өндіруші кәсіпорындар бағасы 11,6%-ға артты.
Индира Қауметова