14.10.2014
«2014 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша 1 жасқа дейінгі балалардың өлімі 2703 адамды құрады, ол 2013 жылдың осы уақыттағы көрсеткішімен салыстырғанда 10 пайызға төмен. Осы уақыт аралығында сәби өлімінің коэффициенті 11,51-ден 10,15-ке дейін қысқарды», - деді А.Смайылов.
Оның айтуынша, ел халқының табиғи өсімі 2014 жылдың қаңтар-тамыз айында өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мың адамға немесе 5,7 пайызға өсіп, 177 мың адамды құрады. 1000 адамға табиғи өсім 15,41 адамды құрады.
Сондай-ақ, бала өлімінің ең негізгі себебі перинаталды кезеңде туындайтын проблемалар, осы жағдайлардың салдарынан 2014 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 1477 немесе 54,6 пайыз сәби шетінеп кетті. Туа көз жұмған сәбилер саны 549 немесе 20,3 адамды құрады. Демалу органдары ауруларынан 197 немесе 7,3 пайыз сәби, апатты жағдай мен жарақаттан 118 немесе 4,4 пайыз сәби көз жұмды.
Индира Қауметова