• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан халқының саны 2014 жылы 1,5 пайызға көбейді 14.10.2014

«2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша халық саны 17 330,5 мың адамды құрады, жалпы, халық саны 170 мыңға немесе 1 пайызға өсті. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда халық саны 255 мың адамға көбейіп, 1,5 пайызды құрады», - деді А.Смайылов.

АЖАТ органдары берген қорытындыны реттеу барысында 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында дүниеге 266 мың сәби келген, ол 2013 жылмен салыстырғанда 5,1 мың адамға немесе 2 пайызға жоғары. Туу көрсеткішінің жалпы коэффиценті 1000 адамға 23,13-тен келді.

Өз кезегінде, көз жұмғандар саны 88,6 мың адамды құрады, ол 2013 жылдың осы уақытындағы көрсеткішімен салыстырғанда 4,4 мың адамға немесе 4,7 пайызға төмен. Өлім-жітімнің жалпы саны 1000 адамға 7,72 адамнан келім отыр.

Индира Кауметова


Back to the list