• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қорғаныс министрі Отан қорғаушыларға  әскери міндетін абыроймен атқаруларын тіледі 11.10.2014

Шақырылушылармен болған әңгімеде Қорғаныс министрі ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту мен Қазақстан әскерін дамытудағы рөлін айрықша атап өтті.

 «Мемлекет басшысының ұдайы қамқорлығының арқасында тәуелсіздік жылдарында қазіргі заманғы, кәсіби және жауынгерлік қабілеті жоғары армия құрылды», -  деді  С. Ахметов.

Шақырылушылармен болған емен-жарқын әңгімеде министр «әскерде қызмет ету – ер жігіттің азаматтық борышы. Сіздердің көпшілігіңіздің мерзімді қызметті өтеген соң келісімшарт негізде әскерде қалатындарыңыз мәлім. Бұл, әрине, көңіл қуантарлық» деп атап өтті.

Қорғаныс министрі болашақ Отан қорғаушыларына әскер мектебін абыроймен атқарып, жауынгерлік борышты лайықты атқаруға тілектестігін жеткізді.


Back to the list