10.10.2014
«Өңірдегі 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 42,6 %, бұл көрсеткіш республика бойынша 48,8% екені белгілі, ал 3-6 жас аралығындағы маңғыстаулық балалардың 72,6%-ы балабақшалар мен шағын орталықтарға барады, еліміздегі бұл көрсеткіш 73,4 % шамасында», - дейді ол.
Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, өңірде балабақшаға деген қажеттілік әлі де күн тәртібіндегі басты мәселелер қатарынан түспеген, осыған орай облыста балабақшалар құрылысы кезіндегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін белсенді қолдану бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыруға деген қажеттілік бар.