06.10.2014
Олардың арасында болашақ ұшқыш-офицер Нұржан Нұрбаев Л-39 оқу-жаттығу реактивті ұшағымен өздігінен түнгі ұшулар жасады. Ол Әскери институт тарихында тұңғыш рет түнгі ұшуларды жүзеге асырған курсант болуымен ерекшеленіп отыр.
Түнгі ұшулар үшін арнайы теориялық оқу бағдарламасы, тренаждық және моральді-психологиялық дайындық қажет. Түнгі ұшулардың ерекшелігі курсанттардан жоғары тәртіпті, білім мен машықты талап етеді.
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бітіруші курс курсанттарын ұшу тәжірибесін сәтті аяқтауларымен құттықтап, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сапында табысты қызмет тіледі.