• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында «Үздік әлеуметтік жоба» көрмесі ашылады 06.10.2014

Шара мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Шара 3 блок бойынша өтеді: арнайы әлеуметтік көмек көрсету; балалар шығармашылығын дамыту; өзге сала – әлеуметтік жобалар,деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».

Бүгінгі таңда көрмеге қатысу үшін 9 өтінім қабылданды. Оның ішінде «Үміт жолы» жобасы да бар. Жобаның мақсаты: қоғамдық өмірге мүгедектерді тарту; көзі нашар көретін мүгедектерге жұмыс орнын қарастыру; мүгедектерді оқыту мен жұмысқа орналасуға көмек көрсету; мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыстық өмірін жақсартуға жағдай жасау. «Сен жалғыз емессің» жобасы балаларға көмек көрсетуге бағытталған, балалардың қарауда болуы және оны алдын алудың шараларын өткізу; салауатты өмір салты, отбасылық құндылықтар мен дәстүрді насихаттау. «Мейірімді жүрек» жобасы «Ақмола облысының мүгедек балаларын қолдау қауымдастығы» АҰ Жарқайың филиалы халықтың жеке құндылықтарына, қажеттіліктеріне назар аударатын бағыт. 


Back to the list