• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Павлодар облысында 20 мың педагог еңбек етеді – әкім 05.10.2014

Өңір басшысы Қанат Бозымбаев облыстың барлық ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыстың үздік ұстаздарына алғыс хат пен мақтау қағаздарын табыстады.

«Бүгінде облысымызда шамамен 20 мыңдай ұстаз еңбек етуде. 300-ден астам әулет шәкірт оқытуды өмірлік кәсіптеріне айналдырған. Жыл сайын 500-дей жас мұғалім өздерінің еңбек жолдарын бастап, ұстаздар қауымы санын толықтыруда. Қоғамды ағартуға, шәкірт тәбриелеп ұлттың көзін ашуға талпынған ықылассыз мұғалімдер болмайынша, елдің көркеюі де мүмкін емес. Ұстаздардың еңбектерінің негізі де осы бір қасиет болса керек», - дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар жыл сайынғы облыстық «Жыл мұғалімі» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Биыл 23 ұстаз аталмыш байқауда өз бақтарын сынап көрді.


Back to the list