• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сандықтау ауылының  «Балапан» шағын орталығында 64  бүлдіршін тәрбиеленуде 02.10.2014

12 педагогтың жұмыс істейтін орталығында орыс және қазақ тілінде тәрбиелейтін екі топ бар. Орталықта балалар үшін асхана, ойын және демалыс бөлмелері мен спорт залы және қыдыратын аула салынған. Онда бала тәрбиелеуге барлық жағдай жасалған.

«Педагогтардың басты жұмысы – балаларды сүю. Кісі өзінің жұмысын жан-тәнімен сүйгенде ғана нағыз маман болады, ал бала тәрбиесінде бұл тіпті міндетті. Бүгінгі бүлдіршінді тәрбиелеген ұстаз ертеңгі қоғам алдында жауапты. Олар әр баланың бойындағы дарынды көре білулері керек», - дейді орталық меңгерушісі Наталья Гаркава.

«Бұның барлығы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы мен «Балапан» бағдарламасының іске асып жатқанының көрінісі. Аталмыш бағдарлама бойынша қаншама бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтамасыз етілді. Қазіргі заманда өз ісінің маманы болу үшін ерте кезден дұрыс  тәрбие көру керек. Сандықтаулықтарға барлық жағдай жасалынған», - делінген хабарламада.


Back to the list