02.10.2014
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы мен тыл еңбегінің 30 ардагеріне де тегін медициналық көмек беріледі.
Одан кейін «Шұбар», «Заречный», «Пригородный», «Тельман» шағын аудандарында тұратын зейнеткерлерге тегін флюрографиялық тексеріс жүргізіледі.
Айта кету керек, биыл қариялар күні қарсаңында зейнеткерлерге 5000 теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек берілмек, аталмыш көмекті алатындар саны 51 мың адам.
Естеріңізге сала кетейік, елордада 1982 жылдан бері жалғыз басты, қарт және еңбекке жарамсыз адамдарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда аталмыш қызмет 298 адамды қамтыған.